1 з а т. 1. Судың түбіне жиналған зат, қалдық, тұнба, шөгінді. Сыртта боран да басылған. Қайнап-қайнап т о с а п болып қалғандай қараңғылықта ұйып түсті (Е.Рахимов, Сүрі қар). Талай мың жылдар бойына су астында босқа жатқан өзен т о с а п т а р ы шаруашылық мақсатына осылай айналым жасады(Ә.Бірмағамбетов, Қазақст. геогр.). Ой жердің суы сарғайып, сары т о с а п баспасын. Биік жағы күрмек бел, берекесі қашпасын («Қызыл ту»). 2. ж е р г. Теңіздің жағаға шығарып тастаған шөп-шалаңы: су бетіндегі шөптің қалдығы, қоқымы, қамыс шірігі. Мына шелектегі су т о с а п т ы екен (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). Теңіздің жағаға шығарып тастаған т о с а б ы н тыңайтқыш есебінде қолдануға болады (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 3. ж е р г. Шаң, тозаң, сор. Ерініне теңізден ұшқан ашқылтым т о с а п сордың, күлімсі кебір топырақтың, күнге күйген қап-қара тастың күңірсік дәмі келді (Ә.Кекілбаев, Дала.). Тер сіңіп, т о с а п тұрып қалған орамалы өз таңдайындай құп-құрғақ (Д.Досжанов, Тұлпар.).