2 з а т. 1. Қазы салынған қою қымыз. Естіген емінен Балтабектің таба алмағаны: жазғытұрғы жас биенің қымызына қазы салған т о с а п ішу (С. Мұқанов, Ботакөз). 2. ж е р г. Қайнатқан сүтке сары майды, қойдың майын салып, араластырған тағам. 3. ж е р г. Сүт, жұмыртқа, май т.б. қосып қайнатып жасалған тамақ. Т о с а п т ы босанған әйелге және жел ауруы бар адамдарға береді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 4. ж е р г. Бұрынғы кезде тәуіптердің ауру кісіге беретін дәрісі. 5. ж е р г. Айранға су қосып жасалған шалап. Күн ыстықта суық т о с а п ішу керек, ол өте жақсы сусын (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).