3 з а т. 1. Қант қосып қайнатылған жеміс. Жидектерді тазалап, іріктеп, жауып алып кастрюльге салады да, үстіне аздап су құйып, жұмсағанша қайнатып, т о с а п жасайды (К. Шалекенова, Жеміс.). Т о с а п – тәтті тағам. Әр түрлі жеміс-жидектен жасалады. Алма, алмұрт, қарақат, қара өрік, құлпынай, қызанақ, сәбіз, таңқурай, тәтті шие, т.б. іріктеп алынып, суық сумен жуылып, қант қосып қайнатылады (ҚҰЭ). Егер т о с а п үздіксіз және ұзақ қайнатылса, оның ішіндегі жемістің сұйығы көп шығып, шырынға айналып кетеді де, жемісі бүрісіп, қатты болып қалады. (Ж.Байжанов, Қызым, саған айтам.). 2. т а м а қ. Жеміс-жидекті қант қосып консервілеудің бір түрі.