ТОТ

lat: TOT

1 з а т. 1. Тотығудың нәтижесінде темірде пайда болатын қызғылт қоңыр дақ; тат. Темір дымқыл жерде жатса, т о т басу процесі өте жылдамдай түседі (Ж.Жатқанбаев, Су.). Көптен майланбай т о т басқан есік топсасы сақырлай-сұқырлай ашылды (М.Сүндетов, Ескексіз қайық). Ол әлі де т о т шалмаған ақ семсер, талай жаудың басын кескелі тұр (Ғ.Мұстафин, Ой әуендері). 1. Темір мен оның қорытпаларының беттерінде, негізінен, оттек пен ылғалдың әсерінен пайда болатын жегіде салдарынан түзілетін ішінара гидратталған темір оксидтері қабаты; 2. Темірдің және оның қорытпаларының сыртқы беттерінде пайда болатын қабат.