ТОТТАНУ

lat: TOTTANÝ

Тоттан етістігінің қимыл атауы; таттану. Дем алу, жану, өсімдіктердің қоректенуі, металдардың т о т т а н у ы, шіру және т. б. процестер болады (Н. Нұрахметов, Химия.). Шығыстағы астықты аудандар үшін тоттануға төзімді жаздық бидай тұқымын шығару ісінің шешуші маңызы бар (С. Досанов. Жер тағдыры). Т о т т а н у бетінде тот түзе жүретін коррезия (жемірлену). Жемірленудің қарапайым мысалы-темірдің т о т т а н у ы, темір ауадағы оттекпен тотығып, беті тоттанады (Сал. терм. сөз. Кен.).