ТОТЫҚТЫРҒЫШ

lat: TOTYQTYRǴYSH

з а т. 1. Реакция барысында электрон қосып алатын зат, атом, не ион. Гемоглобиннің түрлі т о т ы қ т ы р ғ ы ш т а р м е н қосылуынан метгемолобин пайда болады (Айтбаев, Қанның қасиеті). 2. ә с к. Жанармайды тотықтыруға себебі тиетін ракеталық отының бір түрі. Әдетте, екі бөліктен тұратын ракеталық сұйық отындарда т о т ы қ т ы р ғ ы ш ретінде азот қышқылы, сутегі тотығы, сұйық оттегі және т.б. қолданылуы мүмкіназ. тілі термин. Әскери.). 3. х и м. Тотығу-тотықсыздану реакциясындағы электрон қабылдаушы реагент [электрон қосып алушы бөлшекейтарап атом, молекула, ион), ал электрон қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады, демек, тотықтырғыш реакция кезінде өзі тотықсызданады]. Т о т ы қ т ы р ғ ы ш ретінде бейтарап атомдар мен молекулалар, оң зарядталған металл иондары, күшті бейметалдар, құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесі жоғары немесе аса жоғары болатын күрделі заттар: сутек пероксиді, гипохлоридтер, хлораттар, перхлораттар, асыл металдардың иондары, "патша арағы", концентрациялы азот қышқылы мен балқытқыш қышқылының қоспасы, электролиз кезіндегі анод, т.б, қолданыладыаз. тілі термин. Химия.). Олардың ішіндегі аса маңыздылары: оттек металлургия және химия өнеркәсібінін басты тотықтырғышы, жеке күйінде де әрі басқа газдармен қоспа түрінде де жұмсала береді; озон оттектен де күшті т о т ы қ т ы р ғ ы ш, көптеген бояғыш заттарды ағартып, толып жатқан бейорганикалық заттарды тотықтырып, суды және ауаны зарарсыздандыруға қажет; калий перманганаты көптеген бейорганикалық және органикалық заттарды тотықтыратын күшті тотықтырғыш; азот-, күкірт-, дихром- қышқылы бос күйіндегі металдар мен бейметалдарды, күрделі бейорганикалық және органикалық заттарды тотықтыруға жиі қолданылатын реагенттер; сутек пероксиді жұмсақ тотықтырғыш, сүйек, сабан, тері, бояуларды ағартады, медицинада зарарсыздандыруға қажетаз. тілі термин. Химия). 4. э к о л. Тотығу процесіне себепші болатын заттек (озон, азот қос тотығы, асқын тотықтар және т.б.). Т о т ы қ т ы р ғ ы ш ақаба судың тазаруына себепші болады, ксенобиотиктердің ыдырауын тездетеді (Қаз. тілі термин. Экология).