4ет.1. Тозығы жетіп көнеру, ескіру. Үш жыл киген түйе жүн Т о з ғ а н шығар шекпені Тоңбасын деп күнімен Батса да жанға кеткені (Ж.Аймауытов, Шығ.). Той болса, тон киелік, жүр, баралық, Бірімізді біріміз аударалық. Ат арықтар, тон т о з а р, қадір кетер, Күлкіні онша күйлеп, шуламалық (Абай, Тол. жин.). Ұрлап кетер мал емес, Тығып кетер ақша емес, Өліп кетер ат емес, Т о з ы п қалар зат емес (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Осылай жатты ойлап кедей жазған, Кішкене лашығында жерден қазған. Аяқта етігі жоқ, баста бөрік, Үстінде жыртық көйлек кір-кір, т о з ғ а н (А.Байтұрсынов, Шығ.). Топқа кисе толымды Т о з б а й т ы н бектік тондайсың, Мен сендерде астардай. Ойдағы менен қырдағын, Қуан менен Сырдағым, Қуанып бүгін отырмын Есен-сау басты қосқанға-ай! Опасы жоқ дүниенің Өлшеулі өмірің таусылса, Өте шығады бір күні – Көзіңді жұмып-ашқандай! (Базар жырау, Шығ.). Баяғы есіңде ме ақбоз атым, Бәйгеге салған бойда, сәтте озатын, Өзі де, ер тоқымы бірдей т о з ы п, Бұл күнде жағдайы оның жоққа жақын (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). – Үй т о з б а с берік болса әрге тасы, Ақталсын аталардың ақ батасы. Сәтіне сәрсенбінің той жасапсыз, Тойыңыз құтты болсын, ұл атасы! (Қара өлең). 2. Жан-жаққа бытырап, бет-бетіне кету. Есердің тобы екеуге жетпей т о з а р, ездің қайраты жау кеткенде қозар (Қаз. мақал). Қызылдар Ресейді түгел өздеріне қаратып алды. Сібірге қашқан ақтарды түре қуып, күн сайын үлкен қалаларды алып жатыр. Ақтың әскері еріген қардай т о з ы п, жауынгер қызыл әскердін, дүмпуіне шыдамай, қашып жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бір-екі мұнан кейін жұма өтті. Тілейтін жаңа тоят кезі жетті. Қызығы патшалықтың т о з д ы жылдам, Жарлық қып кемпір патша шалды іздетті (А.Байтұрсынов, Шығ.). Суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын, Тұлпарларды тұқыртып, тұғырлары озғасын, Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ, Құмалақтай бытырап, қалай ғана т о з б а с ы н (М.Мақатаев, Шығ.). 3. а у ы с. Жай-күйі төмендеп, жүдеп-жадау, азу. Мен еріншек боп әлі т о з ғ а м жоқ. Кеміп бұрынғы өткен жайымнан. Қартайып тозған Бой денең. Айрылман өлмей мен сенен (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Арқада Бурабайдай жер болмайды, Алашта Кенекемдей ер болмайды. Кене Арыстан мезгілсіз мерт болды ғой, Алашқа бұдан да зор шер болмайды. Ел азды, Арқа т о з д ы, қайғы басты, Күңіреніп біздей бейбақ жыр толғайды (М.Жұмабаев, Шығ.). Ол түннен соң талай-талай жыл озды, Ессіз жарың Айға қолын көп созды. Аспанға өрлеп, талай құлап мерт болдым Заман озды, жүрек сөнді. Жан т о з д ы (М.Жұмабаев, Шығ.). Ел т о з ғ а н д а талықсып «Жеңіс» келді, Намыс жеңді Фашистік немістерді. Жетім-жесір көбейді ауылымда, Бітеу жара тым баяу тегістелді (К.Салықов, Жезкиік). Қырқысып, жетпейтіндей жарық ғалам, Полктар азған, т о з ғ а н, арықтаған. Алты арыс алауыз боп ақырында, Үш жүзің үш майдан боп жарытпаған (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). 4. а у ы с. Өзгеру, артта қалу. Көп жүрмес жеңсікқойлық әлі-ақ т о з а р, Жаңғырар жеңсік құмар, жатқа қозар. Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар, Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар (Абай, Тол. жин.). Деп мынау жердің үстінде жүрек, қасиет, құрмет т о з б а с ы н, Сен басып өткен аз ба шың! Сені оқып әрбір темір мен шеген иісі сіңген саусақтар Жетелейді алға өз басын. Жетесің маған омырауыңа толтырып алып күн сайын Жердегі барлық коммунистердің бақыты менен көз жасын (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). 5. а у ы с. Ұмытылу, ұмыт болу. Әкелгендей ертеңге озар елес, Кей әжімі ой салар козғар кеңес. «Қасым салған қасқа жол» айқын жатыр, «Есім салған ескі жол» т о з а р емес (К.Салықов, Жезкиік). Осы еді көңілімде т о з б а с аңыз, Туамыз, туған жерде қаз басамыз. Бұл күнде қалдық біраз жасқа келіп, Ғұмырдың көкиығын біз де асамыз (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 6. а у ы с. Бұзылу, мәнісі кету, жабырқау. Ойласаң, ойың т о з а р, жаның жүдеп, Кешегі жал, құйрықтың бәрін күзеп, Қоймайды уақыт деген қара қайшы, Жалмайды намысың мен арыңды жеп (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 7. а у ы с. Қолданыстан шығу. Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан, Бекер болды-ау мезгілсіз т о з д ы бір ән. Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың, Жер бетінде алтынның аздығынан (М.Шаханов, Ғасырлар.). Мұның бәрі парасаттың өз әні. Айта-айта әз әнің де т о з а д ы. Бір қолыңды екі ете алмай жүргенде, Пері көріп, Пенделігін қозады! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 8. а у ы с. Құрдымға кету. Жүрген жолы ала шапқын, Мансап қуған парасаттың, Т о з а т ы н ы неліктен? (М.Шаханов, Ғасырлар.). 9. а у ы с. Шаршап-шалдығу. Жұмыстан т о з ғ а н иінің, Жамау да жамау киімің. Қалдырмай жейтін едік-ау, Нан болса, Тіпті күйігін! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 10. а у ы с. Шабыты қайту, тоқырау. Титықтатып тірліктің шоқырағы, Таланттың да т о з а д ы топырағы. Халқың әсте ойлайды Ақын біздің Тұрады да жазуға отырады! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Өлеңді айт дегенде қозғайтұғын. Жүйріктен шабан шауып озбайтұғын, Өлеңді айт дегенде қоя берер Шын шешен тіл мен жағы т о з б а й т ұ ғ ы н (Қара өлең). 11. а у ы с. Мұқалу, солу, саламатынан айырылу. Кетпейтін жауған ақ қар ақ тістерің, Атқарып ұзақ жылдар сәтті істерін. Тістің де т о з ы п түсер кездері бар, Ешкім де түскен тістің таппас теңін (Қара өлең).