ТОЗАҢ

lat: TOZAŃ

2 з а т. б о т.ат. pollen> Гүлдегі аталық тозаңдықта жетілетін тозаң дәндерінің жиынтығы. Т о з а ң н ы ң дамуы микроспорангийдегі микроспорадан басталады да, тозаңдану процесінен кейін аяқталады (ҚҰЭ). Т о з а ң н ы ң пішіні, көлемі, құрылымы, әсіресе, олардың сыртқы қабатының және аузының құрылысы, олардың орналасу орны әр алуан болғанымен бір түрге жататын өсімдіктерде бұл көрсеткіш тұрақты (ҚҰЭ).