ТРАНС

lat: TRANS2

[франц. transe] зат. мед. Адам санасының дүниеден, қоршаған ортадан тұнжырау, безу түрінде көрініс беретін психикалық күй.

Транс кезіндегі адамның жүріс-тұрысы айналасындағыларға жөн-жосықты болып көрінуі мүмкін, ол қарапайым сұрақтарға жауап бере алады, үйреншікті әрекеттерін орындайды (Қаз. тілі термин. Педагогика).