lat: TRAPP
[швед. trappa] зат. Баспалдақ тәрізді бөлінетін негізгі магмалық тау жыныстарының (диабаз, габбро-диабаз, габбро, долерит, базальт) жалпы атауы.
Трапты құрайтын тау жыныстарының құрамына: моноклиндік пироксен, оливин, негізді плагиоклаз, магнетит, апатит сияқты минералдар кіреді (ҚҰЭ).
Траптар – негізгі магмадан шыққан магмалық таужыныстар тобы (Қаз. тілі термин. Геология).