ТРАССА

lat: TRASSA

зат. Үлкен қалалар аралығын қосатын не қалалар мен елді мекендерді жалғастыратын кең, түзу асфалътты жол.

Үлкен трасса бойына жастар жыл сайын көшеттер отырғызады (Қ.Құрманов, Жасыл әлем).

180 км-ге созылатын асфальтты трассаның біткені осы (Ш.Ахметов, Айдарлы.).

Мөп-мөлдір қара трасса сары мақпал егіс даласын әр тұстан таспадай бедерлеп, қиянға тартып барады («Қаз. әдеб.»).

Трасса бойында тек қатарлы жұмысшылар, қарапайым қызметкерлер ғананемес, сонымен бірге үй шаруасындағы әйелдер мен жауапты қызметкерлер де істеді (К.Әміров, Өшпес жұлдыздар жарығы).