ТРЕСКАТӘРІЗДІЛЕР

lat: TRESKATÁRİZDİLER

зат. зоол. <Gadіformes> Негізінен салқын су айдындары мен су түбіне жақын топтасып тіршілік ететін нағыз сүйекті балықтардың бір отряды.

Дүние жүзіндегі барлық теңіздерде кездеседі, ішінде 1 ғана түрі тұщы суда кездеседі. Трескатәрізділердің ұз. 11 см-ден 1,8 м-ге дейін жетеді. Көпшілік түрлерінің иегінің астында жалғыз мұртшасы болады (ҚҰЭ).