lat: TRIBÝNAL
[лат. trіbunal] зат. заң. Соғыс қылмыскерлерін және аса ауыр азаматтық қылмыс жасағандарды соттауға арналып құрылған сот органы; осы органның сот коллегиясы, судьялар.
Қазір бұл жерде Отан да, трибунал да жалғыз өзім (Ж.Тәшенов, Алғашқы айқас).
Түркістан легионына қатысты деген 49 адамның тағдыры енді Алматыда, Түркістан әскери округінің трибунал мәжілісінде қаралатын болды («Жұлдыз»).
Ол айтты да, сені соғыс трибуналына беремін деп арыз жазып әкеткен (С.Бақбергенов, Қарға тамған қан).