ТРОПИК

lat: TROPIK

[грек. tropikos] зат. геогр. Экваторға жақын маңдағы жыл маусымында елеулі айырмашылық байқалмайтын ыстық климатты аймақ.

Таспа тамыры бар тропикте өсетін кейбір өсімдік түрлерінің негізгі жапырақтары жоғалады да оның орнында майда қабыршақтар қалады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).

Әсіресе алыс тропиктен әкелінген қырғауылдар ерекше түрленді (Ш.Қожахметов, Ғалам ғажаптары).