ТРОПОСФЕРА

lat: TROPOSFERA

[грек. tropos бұрылыс, өзгеріс, sphaira шар] зат. геогр. Атмосфераның тропопаузаға дейін жалғасатын төменгі қабаты.

Тропосфера мен стратосфераның аралығы тропопауз деген қабатпен тағы бөлінеді (Қ.Исабаев, Көгілдір қазына).

Атмосфера газдық құрамы, физикалық қасиеттері жөнінен тропосфера, стратосфера, ионосфера деп аталатын үш қабатқа ажыратылады (К.Сапарбайұлы, Геология.).