lat: TROST
зат. Болат сымдардан жасалған арқан.
Тростың бір ұшы шығыр ағашынан асып кауғада жатыр (С.Елубаев, Ойсыл қара).
Тракторист жүріп келе жатып, тросты көтеріп, трактордың ілгегіне сала қойды (А.Тоқмағанбетов, Жазғы.).
Трост, арқан-трост (Механика және машина тану Терм сөз).
Байқадам жатқан өзен жағасында тоқтаған 3-4 машина бір-бірінің темір тростарын жалғастырып, ұн тиеген машиналарды судан шығаруға кірісті (С.Адамбеков, Қожанасыр қақпасы).