ТҰЖЫРЫМДА

lat: TUJYRYMDA

ет. 1. Тұжырып шауып, ұшын тегістеу.

Кесілген ағаштың сыртқы қабығын сыпырып, бас-аяғын тұжырымдап көлеңкеге кептіріп қояды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнер).

2. ауыс. Тұжырым жасау, қорытындылау, түйіндеу.

Сонда жұмыс орны дайын болса дейсіз ғой, деп Досан әңгімесін тұжырымдады (М.Әбдіхалықов, Қара.).

Құлыннан түбінде бір өнер шығуға тиіс, деп Жаубасар ойын тұжырымдады (М.Хасенов, Тұлпар.).

Тұжырымдап отыру қаныңызға сіңген әдет қой. Бірақ тасқа соққандай өз сөзіңіздің жаңғырығы бір күні басыңызға кеп соқса қайтер едіңіз (С.Сматаев. Армысың ана).