ТҰНДЫРҒЫШ

lat: TUNDYRǴYSH

зат. 1. Сұйықтарды сүзіп, тазалап, тұндырып тұратын арнайы орын.

Бақтарға су өзеннен жалғастырылған су тұндырғыштан келеді (Мал бордақылау.).

Қойдың үстінен аққан ерітінді тақтай арқылы каналмен тұндырғышқа келіп құйылады (С.Тілеубергенов, Мал шаруаш.).

2. хим. Газ бен сұйық күйіндегі қоспаларды тұндырып бөлетін құрылғы (Қаз. тілі термин. Химия).