lat: TURALAÝ
Тұрала етістігінің қимыл атауы.
1. Әбден шаршау, титықтау.
Оның үстіне көп бейнетке ысылмаған жастар ертеден қара кешке сүркіл жүрістен ақ тер, көк тер қимылдан тұралауға айналған (Д.Досжанов, Табалдырығыңа табын).
Адам қатты шаршап болдыруға, тұралауға айналса көзіне не болса сол көрінеді дейтін, бәлкім, бұл да сондай бірдеңе шығар (С.Балғабаев, Шөл).
2. экон. <ағыл. stagnation> Экономикалық өрлеудің тоқтау сатысы, экономикадағы, өндірістегі, саудадағы т.б. тоқырау. Көбінесе дағдарыс деген ұғымның баламасы ретінде қолданылады.
Тұралау термині не сұранымның белгілі бір факторына (күрделі жұмсалым, экспорт, тұтыну), не жалпы алғанда экономикалық белсенділікке, демек, өндіріске де қолданылуы мүмкін (ҚҰЭ).