lat: TURAQSYZ
сын. 1. Бір орында тұрмайтын, тұрағы жоқ.
Бандылар тұрақсыз жел тәрізді, құтырған құйын тәрізді (С.Сейфуллин, Әңгім.).
Сол тұрақсыз жынды жел,
Кірсе ішіне кісінің,
Жетелер де жөнелер,
Көтерер де ысуын (Ә.Тәжібаев, Кеше.).
2. ауыс. Тиянақсыз, берекесіз, орнықсыз; баянсыз.
Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,
Ерлік өмір сүре ала ма, мұратсыз?
Жүрегінде байлауы жоқ адамның,
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз! (М.Шаханов, Ғасыр.).
Опасыз, сатқын кіл сымпыс,
Кешегі достық, бүгін жау,
Жаңылса жағын – жалт бұрыс,
Тұрақсыз дүние – зырылдау (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
Жұмабайдың мінезі әрі ұшқалақ, әрі тұрақсыз (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
Баланың сезімі – кіршіксіз таза сезім, бірақ бұл – әлде де тұрақсыз, өрісі тар сезім (Қ.Жарықбаев, Психология).
Тұрақсыз шыр айналған дүние,
Жұтады бәрінің де бастарын.
Ел түгіл жерлеріне кім ие,
Айтпасаң моласының тастарын... (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).