lat: TURAQSYZDAÝ
сын. Тұрлаусыздау, баянсыздау.
Әкесі жоқ, шешесі жас, тұрақсыздау әйел бала үлкен нағашы шешесінің қолында тұрады екен («Қазақст. мект.»).
Қатері де бір-ақ сөз-ау,
Деме желге «есерсің».
Әттең әттең, тұрақсыздау,
Оны қалай кешерсің (Ж.Молдағалиев, Таңд. шығ.).
Асан керемет әдемі жігіт, ақылды, бірақ тұрақсыздау (Ә.Тарази, Құйрықты жұлдыз).