lat: TUT
зат. өс. Жапырағын жібек құрты жейтін ағаш.
Арбаны қайрақ жолдан шығарып, тұт ағашы қалың, арагідік құлаған иесіз ескі тамдар, қалқиған қабырғалар көрінген алаңға бұрды (С.Ерубаев, Білте шамның жарығы).
Май айының қайнап тұрған күнінде,
Болдық біздер Ғафур Гулям үйінде,
Палауымен, көк шайымен сыйлады,
Отырып ап тұт ағаштың түбінде (С.Мәуленов, Жаңа арна).
Көз қарасын тек қас сұлу бұлдайды,
Жанарыңды бері қарат жалынды.
Тұт ағашын жеген құрттай бір қайғы
Жегідей жеп кетті-ау менің жанымды (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).