lat: TUTASTYQ
зат. Тұтас болушылық, бөлінбеушілік, бірлік.
Әбілқайыр мынау бірінен-бірі туып, бірінен-бірі өрбіп жатқан жұмыр тұтастықты, нағыз бірлікті, жарастықты көргенде калейі құрғап, көзінің алды жыбырлай берді (Ә.Кекілбаев, Үркер).
Бір таңқа таласқан көп сұлтан сол тұтастықты сиырдың бүйрегіндей бөлшектеген соң Цеван-Рабтан құтырылып келіп, қасқырдай талаған жоқ па? (С.Сматаев, Елім-ай).
Сайып келгенде, қазақтардың тамақтану этикеті ісләм діні мен ісләмға дейінгі халықтық наным түсініктің жымдасуынан құралған тұтастық [синкреттік] сипатта болды (Д.Катран, Қазақтың дәстүрлі ас-тағам.).