ТҰТАСТЫҚ

lat: TUTASTYQ

зат. инф. Кездейсоқ әрекеттер жағдайында өзінің ақпараттық мазмұнын және түсініктеме берудің бір мәнділігін сақтайтын мәліметтердің қалып-күйі.

Егер мәліметтер бұрмаланбаса және бүлінбесе (өшірілмесе), онда олардың тұтастығы сақталды деп есептеледі (Қаз. тілі термин. Информатика.).