ТҰТҚА

lat: TUTQA

зат. 1. Есіктің т.б. заттардың қолмен ұстауға ыңғайлы етіп жасаған жері.

Мен есікті ашпақ болып тұтқасынан ұстай беріп едім, біреу қолымды қағып жіберді (Қ.Исабаев, Соңғы тәулік).

Мен бір ақ есікті ашпақ болып тұтқасынан ұстай беріп едім, біреу қолымды қағып жіберді (Қ.Исабаев, Соңғы тәулік).

Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,

Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.

Аша алмады қақпаны, үміт үзді,

Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды (Абай, Тол. жин.).

Шойынменен тең болмас,

Тұтқасы күміс жез құмған.

Басында іспет бермесе,

Ағармас күнде бет жуған (Базар жырау, Шығ.).

2. ауыс. Тірек, таяныш, сүйеу.

Елге тұтқа, ерге қамқор адал ниетті Домалақ ұрпағы өсе берді (Е.Ысмайылов, Ақындар).

Жиеніңіз қажы Жұмабай құтты еді,

Әкем Бекен Атығайға тұтқа еді.

Тұтқа десем сөйлеу болар асыра,

Деуші болар басқа тұтқа жоқ па еді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Көшуге құмар ғұмырың,

Өзгеріп туды тұғырың,

Көшелермен келді жаңа құт басы.

Отырардын қасында,

Жігерлі едің жасыңда,

Қазағымның қала мен дала тұтқасы (К.Салықов, Жезкиік.).