lat: TUTQALY
сын. Тұтқа салынған, тұтқасы бар.
Топ адамның ішінде қолына тұтқалы шамды көтере ұстаған Есімжан бар (А.Оразалин, Қайырлы.).
Ерғали ұрадағы лайдан тұтқалы астауға толтырып алады да, жерге төңкере салады (И.Салахов, Көкшетау.).
Үйдің карниздері, терезе араларының қабырғалары, күміс тұтқалы есіктің маңдайшасы, қос босағасы да ақ торғын кружевалар тәрізді оюлы әшекейлер толқынына көміліп тұр (Д.Әбілов, Арман жолында).
Сауынды тұтқалы елде ептіге айтты,
Былғайтын егескенде кектіге айтты (Батырлар жыры).