ТҰТҚЫШ

lat: TUTQYSH

зат. этн. Ыстық затты ұстау үшін киізден не басқа матадан істелген қолғап.

Аққұба әйел тұтқыш алып, қазанға жақындап келіп еді, осы кезде киіз есік шалкасынан ашылып келуші қонақтарға жол берді (М.Әуезов, Абай).

Мейлі, тәуекел, жалғыз-ақ кірісермін! Үйде кемпірдің тұтқышына таласып отырғаннан не түседі, одан да, базар бар да бақытыңнан көр дегендей, несібемді сынап көрейін (Д.Исабеков, Тіршілік).

Әлгі екі әйел қолдарына тұтқыш ұстап жер ошақтағы қазанды көтеріп кіргізді (С.Бегалин, Сәтжан).