lat: TUZDY
сын. Тұзы көп, ащы.
Жүрек ауруы, гипертониясы бар адамдарға тұзды қияр жеуіне болмайды (С.Сұбханбердин, Өсімдік –дәрі.).
Бірақ мұның көбі мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары (К.Баялиев, Жер.).
Алабота өсімдігі тұзды жерлерде өседі (“Қазақст. Мектебі”).
Бал татыған ақ сазандар тереңі,
Теңіз түбі тұзды сумен тұнса да.
Маған нанның тәтті дәмін береді,
Маңдай терім ащы бола тұрса да (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).