lat: TYŃ
сын. 1. Қайраты қайтпаған, қуатты, әлеуетті.
Сүйекке сіңсе, пайда бермес, жамағат,
Жақындатып бойымызға ертпелік.
Тың кезінде қалған жақсы қимылдап,
Тұрса тәуір үнемі бізге ерік беріп (М.Дулатов, Шығ.).
Жібек түн –
Бәрі – тың.
Сайраған,
Жайнаған (М.Жұмабаев, Шығ.).
Алпыс деген шуақ күзде тың алаң,
Қыран жасы құс ілетін қиядан.
Сексендегі ағаларды көргенде
Өз жасымды айтуға да ұялам (К.Салықов, Жезкиік.).
2. Ширақ, пысық.
Кел, жаңа жыл!
Қарсы алам күн нұрымен,
Қарлы аяздан қаймықпай тың жүріп ем.
Боздап тұрған боз інген қарай қалар,
Қарсы аламын құлын-тай шұрқырымен (К.Салықов, Жезкиік.).