ТЫҢ

lat: TYŃ

сын. 1. Бұрын пайдаланылмаған, егін салынбаған (жер).

Мен жегулі Тері кеппес тайыңмын,

Бұтағы мол, көлеңкелі қайыңмын.

Шыңға жібер,

Тыңға жібер, бәрі бір,

Қай арысқа салсаң дағы дайынмын (К.Салықов, Жезкиік.).

Жаңа өмір келіп,

Толағай төксе нұр маған,

Түлігім тоқ

Ақ дәнге толды тың далам.

Салтыңды сенің дәріс етсем балама,

Жақсыңды жалғап өтер-ау деп,

Бір бабам (К.Салықов, Жезкиік.).

Еліне миллиард пұтты несібе етіп,

Тың жатыр ен қимылдан есі кетіп,

Ала қиғаш шабады рельстер,

Тауларды тесіп өтіп, кесіп өтіп (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).

Күннің көзі нұрланды,

Жер құлпырды, ай құшып.

Қосылды оған тыңдағы,

Трактор үні жарысып

Қоғам малы жайылды,

Көктемнің көркі қайысып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

// Жаңа екпін, серпіліс, қарқын.

Молшылықтың бір көзі, екінші тың малда тұр.

Қыстан аман ап шығып,

Мал өсімі алда тұр (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. Соны, жаңа.

Сондықтан оқудан біртегіс өрлейтін саты болу керек. Әрбір тыңнан берілетін білім бұрынғы білгеннің жалғауы, келесі білімнің бастауышы сияқты болғаны тиіс (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Онан да сен,

Жастық шағым, жалынды, тың бағыт бер (М.Шаханов, Ғасыр.).

Әйтеуір сен туғанда ол күле берді,

Бойынан бір тың қуат түрегелді.

Ән бастап таңертеңнен домбырасыз,

Кеудесі күйге толып жүре берді... (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).

Қыз қылықпен бұралған

Жылу құйып жанға тың,

Құшақ жайып тұр алдан

Ай маңдайлы Алматым (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).