lat: TYǴYZDYQÓLSHEGİSH
зат. техн. Тығыздықты жүйелі немесе үздіксіз өлшеуге арналған құрал.
Тығыздықөлшегіш байыту фабрикаларында ерітінділердің, ауыр суспензияның және пульпаның тығыздығын өлшеу үшін қолданылады. Өндірісте олардың әр түрлі принциптерге негізделген, үздіксіз жұмыс істейтін автоматты түрлері пайдаланылады. Сыйымдылығы бір литрлік конус пішінді, тұтқасы бар ыдыстан тұрады. Сұйық ағым немесе пульпа ішіне түсу үшін бір жағына жырықты шығыңқы орнатылған. Түскен зат көлемі бір литрден артқанда арнаулы тесік арқылы ағып кетеді. Түскен заттың массасын өлшеп білу арқылы оның тығыздығы есептеледі (Қаз. тілі термин. Кен.).