ТЫҒЫЗДЫҚ

lat: TYǴYZDYQ

зат. 1. Жиілік, қалыңдық.

Қаулап өскен балғын шөптің тығыздығы сонша, қай жағыңа қарасаң да, ашық жатқан топырақ көзге шалынбайды (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Жүннің Ұйысқақтық қасиеті тоқылған матаның тығыздығын, мықтылығын арттырады (Р.Әбуғалиев, Қой өсіруші).

2. Жұмсақ еместік, беріктік, қаттылық.

Оңтүстік жақтарда кездесетін жауын құртының түрлері топырақтың қатты және тығыздығына қарамастан, 8-9 м. тереңдікке дейін қазып кетеді (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).

Топырақтың тығыздығы қанша болуы керектігі жайындағы нұсқау қолдарыңызда (Қ.Ұябаев, Қырдағы қыран.).

3. физ. Біртекті заттың бірлік көлемдегі массасымен анықталатын физикалық шама.

Ұсақ жұлдыз Кэйпер көлемі жағынан Күннен 125 есе кіші болғанмен, тығыздығы судың тығыздығынан 1,4 есе артық (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін тур.).

Минералдардың басты физикалық қасиеттеріне: қаттылық, түс, сызығының (дағының) түсі, жылтыры, жымдастығы, сынғыштығы, тығыздығы, меншікті салмағы, мөлдірлігі, магниттілігі т.б. жатады (К.Сапарбайұлы, Геология.).

Осылардың ішінен, мәселен, ракета қозғалысын зерттеу үшін, атмосфераны сипаттайтын негізгі физикалық шамалар: тығыздық, қысым, температура т.б. жөнінде әбден толық мәлімет қолымызда болуы керек (О.А.Жәутіков, Жоғары математика.).

4. Тығызтаяңдық, асығыстық. Біреулер «мал соямыз деп жабысқанмен, уақытымыздың тығыздығын айтып, әрең рұқсат алдық (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Қоспан «япырай» деп өткен-кеткенді еске ала бастап еді, уақытының тығыздығын ескертті (Т.Ахтанов, Дала сыры).

5. инф. <density> Мәліметтерді жазу кезіндегі ұзындық бірлігіне немесе аудан бірлігіне орналасатын битпен берілген мәліметтердің жазылу тығыздығы (Қаз. тілі термин. Информатика.).

6. Жиі орналасушылық.

Жұрт едік сахарада дарқан өскен,

Қоныста тығыздық жоқ қонып-көшкен.

Патшаға тиістісін беруші едік

Үй ақша қазына үшін үйге түскен (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).