ТЫРМАЛА

lat: TYRMALA

ет. 1. Тырнағымен сыру, тырналау.

Тәтті ірімшік иісі мұрнын жарып,

Тесік жерін таба алмай болған ғарып.

Бұрын шүмек орнатқан бір жері бар,

Әрқашан тырмалайды соны барып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

2. Топырақты тырмамен қопсытып өңдеу.

Жердің өзін майда тырмалап, қопсытып айдамаса іртік-іртік кесек топыраққа өнбейді (Ш.Құмарова, Қос шынар).

Мұндай құрал әр звено мүшесінің қолында болмақ, осы тырмамен бүкіл қызылша жерін тырмалап шықпақшымыз (М.Мырзақұлов, Ақық).