lat: TYRYS
ет. Бір істі орындуға әрекет ету, тырмысу, талаптану, ұмтылу.
Мұндай қатынмен маған мұқтаждық бар ма? Расходтың бәрін артып қойып, оқысам да, бала оқытсам да, жай жүрсем де болмас па еді. Білмеймін енді осыдан тағы айрылып қалам ба? Бұдан еш-бір рухты салбырату жарамайды, тырысып ғамал қылу керек (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ай жарық, салқын ауа, күзгі түнде, Ұйықтаған үлкен шаһар жатыр күйде. Жалғыз-ақ тырыс шәкірт кітап ұстап, Есінеп ояу отыр пәтер үйде (М.Дулатов, Шығ.).
Бала – еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сөйлегенде ата-анасындай болуға тырысады (М.Жұмабаев, Шығ.).