ТАЯҚ

lat: Taıaq

з а т. 1. Қолға ұстап таянып жүретін ағаштан, темірден жасалған құрал. Бала бастап жөнелді т а я қ алып, Таяқпен жол қарайды қарға салып. Сағат қанша болды? деп сұрап еді, Бала айтты: Қалды ғой, деп таң тақалып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сырлы, қызыл т а я ғ ы н ұстап, Күңке бәйбіше жетіпті (М.Әуезов, Абай). Шығанақ т а я ғ ы н а сүйеніп, жанағына қарап тұр (Ғ.Мұстафин, Шығанақ). Түскен аңды т а я қ п е н басқа ұрып өлтіреді (Ж.Кенжебаев, Орман.). 2. а у ы с. Зәбір, зорлық-зомбылық. Т а я қ т а н аяғын әзер сүйреткен Арыстанның сол жағынан қолтықтаған Ожар (I.Есенберлин, Қаһар). Аюға намаз үйреткен т а я қақал.).