Талап қою

lat: Talap qoıý.

Міндет жүктеу, жауапкершілік арту.

Ал, Алматы қалалық тілдер басқармасының бастығы Жәнібек нәлібаев қаржы саласының мамандарын қазақша сөйлетудің бірнеше жолын айтты. Олар біріншіден, терминология мәселесін реттеу, екіншіден, кадр таңдағанда қатаң талап қою, үшіншіден, компьютерге қазақ тілін енгізу екенін жеткізді (Жас Алаш, 36, 25 наурыз).

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Адал іске талаппен бастасалық!

Неде болса білімді ізденелік!

Надандықпен біржола қастасалық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ойменен, талаппенен болды сегіз,

Айтылмай енді қалды неменеміз?

Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы

Шығады осылардан түгел деңіз (Ш.Құдайбердиев. Шығ.).

Уақыт талабын терең ұғынып, талантын халық мүддесіне арнаған суреткер ғана ұлылықтан үміткер болмақ («Қаз. әдеб.»).

Соғыс талабы, Отан талабы, солдат болуды қалаған соң, ол майдангер болған адам (Р.Хайруллин, Офиқер.).