Тамырын басты

lat: Tamyryn basty [ustady].

Сөз тартты, ыңғайын байқады.

Біздің Құралжан ішпейді ғой. Келгелі талай үй шақырды, бәрінен аузына алған емес, деп шешесі баласының алдын орап, тамырын басып көріп еді (С.Досымов, Директор.).

Жарайды көктен түскен құдай болса да шақыршы өзін! Танысып, тамырын басып көрейік! (Ә.Әзиев, Оянған ар).

Әй шал баяғыңа басып жүрмегін. Тамырын байқап-байқап ұстағайсың, деді әжем (Тұлпар).