Тартып алды.

lat: Tartyp aldy.

Бір нәрсені зорлықпен алды, күшпен қолға түсірді. Сұмдықпен әскер жиып қаруланды, Жақын жерге жау алып тұра аттанды, Көп елді күтінбеген қырды жойды, Қанды өлтіріп қаласын т а р т ы п а л д ы (Абай, Тол. жин.). Қалған жерден бірқатар жақсы жерлерді айналасындағы туғандарына, төрелерге, жақындарына үлестірді. Өзіне жақпаған ауылдың, рудың жерін т а р т ы п а л а т ы н болды (Х.Досмұхамедұлы). Ол сегіз мың жылқысының бірде-бірін қимай, әркімнің жалғыз атын т а р т ы п а л ғ а н көрінеді (Ә.Әбішев, Терең тамыр.). Нұрдәулет таласа түсіп, сауытты күшпен т а р т ы п а л м а қ ш ы болып жатыр (Б.Соқпаңбаев, Аяжан).