зат. Тұрғызылған биік обаның көлеңкесі оның төңірегіне қойылған тастардың қайсысына түсетіндігіне қарай уақытты білуге болатын қондырғы. Ертеде көшпелі халықтар уақыттың қанша болғанын анықтау үшін оба тұрғызған. Ортада биік оба болады. Сосын оны айналдыра қадау-қадау шағын оболар қаланады. Күннің шыққан кезден батқанға дейін ортадағы биік обаның көлеңкесі қай тасқа түскені арқылы уақытты анықтайды. Оны «тассағат» дейсіз бе, «күнсағат» дейсіз бе, өз еркіңіз. Қалай десек те, сахарадағы бабаларымыз тассағат тұрғызғанына еш шүбəміз жоқ (Ана тілі, 07.01.2011, 7).