зат. Татар автономиялы республикасының тұрғылықты халқы. Қойтас аймағында мотор жүрегін соқтырып, қырманды қыздырып, шаруашылықты өршітіп жатқан жұрттың бірі орыс, қазақ, татар, бірі белорус, ингуш, чечен, болгар, тіпті сыған да жүр осылардың арасында (Ғ.Сланов, Домбыра күйі., 157). Дүние жүзіндегі татарлардың жалпы саны 8 млн. шамасында (ҚҰЭ, 8, 268). 2002 жылғы санақ бойынша Ресейде 5,6 млн. оның ішінде Татарстанда 1,9 млн-нан астам татарлар тұрады (Бұл да).