Тазартқыш имараттар

lat: Tazartqysh ımarattar.

экол. Ақаба суды ластағыш заттектерден жцйелі тазалауды жүргізуге арналған арнайы инженерлік құрылымдар.

Тазартқыш имараттар кешеніне механикалық (електер, торлар, тұндырғыштар, тұтқыштар, т.б.), физикалық- химиялық (хлорлағыштар, буландырғыштар, сергіткіштер, озондағыштар, ультрадыбыстық және бактерицидтік қондырғылар және т.б;), химиялық және биолоғиялық тазалау имараттары қамтылады (Қаз. тілі термин. Экология).

Тазартқыш имараттар-өндіріс орындарынан шығарылатын суларды химиялық, биологиялық және т.б. жолдармен тазалауға арналған имараттар (Қаз. тілі термин. Тамақ.).