Мұхиттық ағыстар, түрлі күштердің әсерінен болатын теңіздер мен мұхиттардағы су массаларының жылжымалы қозғалысының үрдісі. Т е ң і з а ғ ы с т а р ы әртүрлі күштердің (гравитац., су мен ауаның үйкелісі, көтерілу және қайту) әсерінен қалыптасып, орналасу жағдайымен, физикалық құрамның тұрақтылығымен сипатталады (ҚҰЭ). Т е ң і з а ғ ы с т а р ы желдің әсерінен, температураның әркелкі бөлініп таралуынан, судың тұздылығынан, атмосфералық қысымнан, Күн мен Айдың судың көтерілуі мен қайтуына әсер етуінен пайда болады (Физика. география). Т е ң і з а ғ ы с т а р ы әртүрлі ерекшеліктеріне қарай былайша сараланады: шығу тегіне байланысты – желдің теңіз бетімен үйкелісінен туындайтын (ығу ағысы, желдік ағыс), температура мен тұздылықты біркелкі үлестірілмеуінен туындайтын (тығыздық ағыстар), деңгейі еңістігінен туындайтын (ағынды ағысы, градиенттік ағыс, компенсациялық) және т.б. (Қаз. тілі термин. Су.).