Теңіз суының қатуынан пайда болатын кез келген мұз. Т е ң і з м ұ з ы тұзды әрі кеуекті болады, – 23ºС-ден жоғары жағдайда ери бастайды (Физика. география). Т е ң і з м ұ з ы қалыптасар кезде, тұщы сулық мұз кристалдары арасында теңіз суының майда тұзды түйіршіктері бірге қатады. Кейіннен тұзы түйіршіктерден арылған мұздың кеуектілігі артып, ауа көпіршіктері пайда болады (ҚҰЭ).