Құрамындағы тұздың концентрациясын кеміту арқылы теңіз суын адамның ішуі мен шаруашылықтың пайдалануына жарамды еткенше өңдеу әдісі. Бұл мақсатта кейбір елдерде ірі қондырғылар салынған. Мысалы, Қазақстанда Ақтау қаласындағы қондырғы тәулігіне 12 мың тонна суды тұщыландырады (Физика. география).