Теңіз шөгінділері.

lat: Teńiz shógindileri.

Теңіз бен мұхит түбіне жиылған тұнбалар. Т е ң і з ш ө г і н д і л е р і аталымы тар ауқымда тек жеке теңіз шөгінділері мағынасында және кең ауқымды бүкіл дүниежүзілік мұхит шөгінділеріне қатысты (мұхит шөгінділері) қолданылады (Қаз. тілі термин. Су.). Жер қыртысындағы және оның бетіндегі шөгінді тау жыныстарының 75%-дан астамы т е ң і з ш ө г і н д і л е р і н е жатқызылады. Т е ң і з ш ө г і н д і л е р і н і ң жалпы массасы мен құрамы, олардың Жер бетіндегі таралуы тектоникалық режимдерге және климаттық жағдайларға байланысты (ҚҰЭ). Т е ң і з ш ө г і н д і л е р і 1) теңіздер мен мұхиттардың түбіне шөккен материктік шөгінділер; 2) организмдер қалдықтарының шоғырлануынан пайда болған органогендік шөгінділер; 3) судағы әртүрлі тұздардың шөгуінен пайда болған химиялық шөгінділер (Физ. география).