Теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелісті қозғалысы. Т е ң і з т о л қ ы н д а р ы Ай мен Күннің су деңгейін көтеру күшінен, жел, атмосфералық қысым, теңіз түбінің сілкінуі, жанартау атқылауынан пайда болады. Қалыптасуына қарай көтерілу толқындары, жел толқындары, теңселме толқындар, соқпа толқындар, сейсмикалық (Цунами) толқындар; су қабатындағы орналасуына қарай беткі және ішкі толқындар; толқын ұзындығының теңіз тереңдігіне қатынасына байланысты қысқа және ұзын толқындар болып бөлінеді (ҚҰЭ).