г е о л. Тау жыныстарының тектоникалық қозғалыстары мен деформациялары нәтижесінде жер қыртысында пайда болған жарықшақтар. Тау жыныстарының бұл кездегі бөлектенген массиві т е к т о н и к а л ы қ ж а р ы л ы м н ы ң қанаттарын құрайды; көлбеу жарылымдарда жатқан қалыптағы қанат, төселмелі жарылым және жарылымды жабатын аспалы қанатты түрлерін ажыратады (ҚҰЭ). Т е к т о н и к а л ы қ ж а р ы л ы м қысқа мерзім ішінде немесе ұзақ геологиялық кезең бойында (жерсілкінуі мен дүмпулер) болуы мүмкін (ҚҰЭ).