Сым арқылы немесе радиосигналдар көмегімен дыбысты ақпараттарды қашықтыққа жеткізуді жүзеге асыратын электрлік байланыс түрі. Т е л е ф о н б а й л а н ы с ы кез келген қашықтықтағы абоненттердің тікелей сөйлеуін қамтамасыз етеді (ҚҰЭ). Т е л е ф о н б а й л а н ы с ы 1876 ж. америкалық өнертапқыш А.Белл (1847 – 1922) ойлап тапқан телефон аппараты мен алғашқы телефон стансасының пайда болуынан (1878, АҚШ) басталды (ҚҰЭ).