ТЕЛЕГРАФИЯ

lat: Telegrafıa

з а т. Ғылым мен техниканың телеграф сигналдарын тарату әдістері мен оларды жүзеге асыратын құрылғыларды жасау, телеграф байланысын құру принциптерінің және телеграф арнасымен таратылған ақпараттың сапасын бағалау мәселелерімен шұғылданатын саласы. Атқаратын міндеттеріне байланысты т е л е г р а ф и я ғылыми-техникалық пән ретінде келесі бөлімдерден құралады: телеграфтық кодтар (тарату кезінде әріпті-цифрлық ақпаратты электр. сигналдарымен үйлесімді ұтымды түрлендіру және қабылдау кезінде оны кері түрлендіру); шеткі телеграфтық аппаратуралар (телеграф аппараттарын, трансмиттерлерді реперфораторларды құру принциптері, сигналдарды тарату және қабылдау әдістері, электронды аппаратураларды жасау); телеграф арналары (байланыс жолының қымбат тұратын құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану, берілген сипаттамалары бойынша арналарды құру); телеграф желілері (шеткі мекендер мен абоненттерді жалғау әдістерін таңдау, стансаларды ұтымды орналастыру, абоненттерге қызмет көрсетудің сапасы) (ҚҰЭ).