Тензорлық қисап.

lat: Tenzorlyq qısap.

Тензорлардың қасиеттерін және оларға қолданылатын амалдар ережесін зерттейтін математикалық теория. Т е н з о р л ы қ қ и с а п векторлық есептеулер мен матрицалар теориясын жалпы тұрғыдан қарап, әрі қарай кеңейтуден пайда болған есептер (ҚҰЭ). Т е н з о р л ы қ қ и с а п дифференциалдық геометрияда, Риман кеңістіктерінің теориясында, салыстырмалылық теориясында, механикада, т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады (ҚҰЭ).